Ақтөбеде ер адам үшінші рет есірткіге масаң күйде көлік басқарған

Жол ережесін бұзған 32 жастағы жүргізушіні полиция қызметкерлері тоқтатады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткі заттарының әсерінде болғаны анықталды.

"Жеке басын тексеру кезінде ол 2023 жылы осындай күйде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылғаны белгілі болды", - дейді облыстық полиция.

Тыйымға қарамастан 2024 жылы сол әрекетін қайталап, сот шешімімен 6 ай мерзімге бас бостандығынан және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған.

Құқықбұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Есірткі полиция Заң Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар