Ақтөбеде газ жарылып, 5 адам ауруханаға түсті

Ақтөбеде газ жарылып, 5 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.

19 қаңтар күні сағат шамамен 17:45-те Ақтөбе облысы, Хромтау қаласындағы Жұбанова көшесінде орналасқан жеке қоғамдық тамақтану нысанында газ құрылғысы жарылды.

Жарылыс ғимаратқа айтарлықтай зиян келтіріп, шамамен 80 шаршы метр аумақ қираған. Оқиғаның себептері мен мән-жайы қазір анықталып жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Хромтау аудандық ауруханасына әртүрлі дәрежедегі күйік жарақатымен 5 науқас жеткізілді.

Ақтөбе газ жарылды Аурухана
Кеше, 19:47 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:30 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 14:33 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар