Ақтөбеде көлік жардан құлап кете жаздады

Ақтөбеде автокөлік жардан құлап, өзенге түсіп кете жаздады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға қала шетінде, "Солтүстік айналма" республикалық маңызы бар автожолдың 13-шақырымында, Елек өзенінің маңында болған.

"ТЖМ қызметкерлері суға құлап кету қаупі төнген жеңіл автокөлікті сүйреп шығару бойынша құтқару жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында, арнаулы көлік қолданылып, автокөлік қауіпсіз жерге сүйреп шығарылды", – делінген хабарламада.

ТЖМ дерегінше, 2005 және 2008 жылы туған екі жігіт балық аулауға шыққан. Алайда жолда жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Автокөлік жолдан шығып, жар жаққа қарай сырғып кеткен.

Алматы жар құлады Көлік

Тақырыпқа жаңалықтар