Қазақстан жаңалықтары11 қазан 2023, 14:30

Ақтөбеде Мүслім, Мұхаммед, Мұстафа атты үшем дүниеге келді

Ақтөбеде Муслим, Мұхаммед, Мұстафа есімі берілген үшем туды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жарқынгүл Сатаева,Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының тұрғыны 12 қыркүйек күні толғақ қысып орталыққа жеткізілгенгенімен, дәрігерлер балалардың өкпесін жетілдіру үшін анасына ем жүргізді.

«Үшемді кесір тілігін жасап тудырды. 13 қыркүйек күні таңда босанды. Муслимнің салмағы — 1700 гр, Мұстафаныкі — 1350 гр, ал Мұхаммедтің салмағы — 1470 гр. Содан кейін анасы мен балалары бақылауға алынып күтім жасалды. Анасы өзін жақсы сезінеді. Ал балалары салмақ қосып жатыр. Бүгін олар перинаталды орталықтан шығарылды», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Осымен 7 баланың әкесімін. Өзім теміржолда жұмыс істеймін. Машинистің көмекшісімін. Үшем екенін УЗД өткеннен кейін білдік, қуандық. Нағашыларымда бар егіздер. Бізде үшем болмады, бірінші рет. Әйелімнің арғы аталарында да егіздер бар негізі. Өзім шынымды айтсам, қуаныштан басым айналып жүр», — деді үшемнің әкесі Әсет Сатаев. 

Пәтері бар екен, бірақ апатты жағдайда тұр дейді. Ауылға оралған соң ата-анасының жанында болып, кейін үй жалдап, бөлек шығуды жоспарлап отыр. 

 

Ақтөбе үшем

Тақырыпқа жаңалықтар