Ақтөбеде төбелескен жасөспірімдердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірімдердің жаппай төбелесінен кейін полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Төбелес кезінде Темірлан Мырзабайдың бетіне қатты соққы тиген. Салдарынан жасөспірімнің көзілдірігі сынып, әйнегі көз жанарына кіріп кеткен.

Темірланның туыстарының сөзінше, осы оқиғаға қатысты іс алғашқыда екі баппен – "Бұзақылық» және «Орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру» бойынша тергелген. Алайда кейін полиция бұзақылық бабымен қозғалған істі жауып тастаған. Жәбірленушінің туыстары енді «Орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру»бабының да жеңіл сипатқа ауысып кетуінен қауіптенеді. Сондықтан тергеудің әділ жүргізілуін талап етуде.

«Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жасалған құқық бұзушылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қазіргі уақытта тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты анықтауда. Бірқатар қосымша сот сараптамалары тағайындалды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе Төбелес Жасөспірім Қылмыс
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
17 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар