Ақтөбеде жас қызды қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік қағып өтті

Ақтөбеде жас қызды қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік қағып өтті. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Желіде тараған видеода әйел мен кішкентай қыздың жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқаны көрінеді. Қыз алға қарай жүгіріп кеткен кезде, тоқтамай келе жатқан Hyundai маркалы көлік оны қағып өтеді. Шошып қалған әйел жүргізушіге жүгіріп, оған жұдырық ала ұмтылған. Кейін екеуі де жарақат алған балаға қарай қайта жүгіргені байқалады.

Полиция мәліметінше, оқиға Мир даңғылында болған. Рұқсат етілген өткелден өтіп бара жатқан қызды көлік соққан. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін баланы үйіне жіберді, жағдайы қанағаттанарлық.

Ақтөбе Апат Көлік облыс

Тақырыпқа жаңалықтар