Ақтөбеде жүк пойызы рельстен шығып кетті
Шалқар ауданы Қауылжыр стансасында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Қазір қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында болды. Ақтөбе-Шалқар бағытындағы жүк пойызында барлығы 58 вагонның 7-еуі рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
- Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нақты неден болғаны сол кезде анықталады. Қазір Алматы-Ақтөбе және Алматы-Орал жолаушылар пойызы тоқтап тұр. Шамамен 1-2 сағатта қалпына келтірілуі мүмкін, - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев.
Айта кетейік, жолаушылар пойызы әзірге Шалқар қаласында тұр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: