Ақтөбедегі су бекетінен 2 адамның денесі табылды
Ақтөбедегі «Алталы» су бөгетінен екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға Мұғалжар ауданы Қырғыз стансасында болды.
Көз жұмғандардың бірі 60, екіншісі 35 жаста. Екеуін де жедел құтқару жасағы судан алып шықты.
«ТЖД-нің жедел құтқару жасағы 1960 және 1995 жылы туған ер адамдардың денесін 4 метр тереңдіктен алып шықты. Олар белгісіз жағдайда қайтыс болған», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, денесінде жарақат жоқ, дегенмен тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: