Ақтөбеден Алматыға ұшқан ұшақта жолаушының жағдайы нашарлап қайтыс болды
Ақтөбеден Алматыға ұшқан ұшақта жолаушының жағдайы нашарлап қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақтөбе-Алматы DV712 рейсінің кезінде бір жолаушының жағдайы кенеттен нашарлаған. Медициналық дайындықтан өткен жолаушылардың бірі кардиолог-дәрігер бортсеріктермен бірге реанимациялық іс-шараларды өткізген», – делінген хабарламада.
Ұшақ командирі Ақтөбе әуежайына кері қонуға шешім қабылдаған. Қонғаннан кейін жолаушы жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, реанимациялық шара жасаған.
Алайда жолаушы қайтыс болған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: