Қазақстан жаңалықтары26 қараша 2025, 17:21

Әріптесін ұрып-соққан әнші Мұқасан Шахзадаевты полиция ұстады

Кеше «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен өзін Шахзадаевтың ұрғанын мәлімдеген еді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін жәбірленушінің адвокаты Инга Иманбай Шахзадаевтың полиция тарапынан ұсталғанын хабарлады. Жедел тергеу шаралары басталған.

Ал Ғалымжан Сүлейменге хирургиялық ота жасалып, қазіргі уақытта ол ауруханада емделіп жатыр.

Бұған дейін полиция осы факт бойынша іс қозғалғанын мәлімдеп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізген еді.

Нұр-Мұқасан Мұқасан Шахзадаев Ғалымжан Сүлеймен Әнші
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар