Арқалық қаласында тойға барған 82 адам астан уланды
Арқалық қаласында тойға барған 82 адам астан уланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
20 қазан күні мерекеден соң қызулары көтеріліп, өздерін әлсіз сезіне бастаған. Бірнеше науқас Жангелдин ауданы мен Арқалық қаласы және облыс орталығындағы ауруханаларға түскен.
Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары тұрақты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханада орын жетпей жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.
Ал санитарлық-эпидемиялогиялық қызмет мамандары тексерісті бастады. Қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: