Астана көшелерінің бірінде жас жігіттің мәйіті табылды
Фото: Ашық дереккөз
aşıq derekköz
Қазақстан жаңалықтары15 қазан 2024, 1:58

Астана көшелерінің бірінде жас жігіттің мәйіті табылды

Астанада көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылған. Марқұмның анасы әлеуметтік желіде үндеу жариялаған. «Төрт адам 19 жасар ұлымды өлтіріп, тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберді. Заң қайда? Бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар қалмайды. Төрт балам бар. Балам темекі шекпеген, ішпеген. Ол академияда оқыды. Ал қазір оны ішіп отырғандай етіп көрсеткісі келеді. Мен кінәлілердің заң бойынша жазаланғанын қалаймын», деді марқұмның анасы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Видеода марқұмның анасы баласын белгісіз біреулер өлтіріп кеткенін айтқан.

Полиция департаментінің мәліметінше, 13 қазанда көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған. Марқұмның жеке басы анықталып, адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 

Астана жігіт мәйіт

Тақырыпқа жаңалықтар