Қазақстан жаңалықтары8 мамыр 2026, 18:31

Астанада Бәйтерекпен әдепсіз фотоға түскен 19 жастағы жігіт ұсталды

Әлеуметтік желілерде жігіттің жерге жатып алып, аяғын екі жаққа ашып, аяқтарының арасынан "Бәйтерек" монументі көрінетіндей етіп әдепсіз ишара көрсеткен фотосуреттері тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Желі қолданушылары жігіттің әрекетін құрметсіздік деп бағалады.

Астана қалалық полиция департаменті күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.

Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Егер сот жігітті кінәлі деп тапса, ол 5-тен 20 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

әлеуметтік желі Астана Бәйтерек Фото

Тақырыпқа жаңалықтар