Астанада бір күннің ішінде екі адам терезеден секіріп, қаза тапты
Астанада бір күннің ішінде екі адам терезеден секіріп, қаза тапты. Бұл туралы Astanovka98 телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияға 18 желтоқсан «Хайвилл» тұрғын үй кешенінің аумағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.
Шамамен сол уақытта қаланың басқа аймағында көпқабатты тұрғын үйдің 18-қабатындағы алаңнан әйел адамның құлап кеткені тіркелді.
Аталған екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: