Астанада бизнес-тренер тұрғындарға онлайн-сауда курстарын ұсынып, алдап кетті

Астанада бизнес-тренер тұрғындарға онлайн-сауда курстарын ұсынып, алдап кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өзін онлайн-сауда және сатып алу саласындағы бизнес-тренер ретінде таныстырған азамат Instagram әлеуметтік желісі арқылы тұрғындарды оқуға тартқан. Ол онлайн-саудаға үйрету курстарын ұсынып, кейін тыңдаушыларға тұрмыстық техниканы көтерме саудада сату үшін қаржы салуды ұсынып, салынған қаражатқа 10% көлемінде пайда уәде еткен.

Алайда, ақша алғаннан кейін уәде еткен шарттарды орындамай, клиенттермен байланысын үзіп жасырынған.

Келтірілген залал сомасы 50 млн теңгеден асады.

Сот үкімімен кінәліге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Астана Тренер алдады Ақша
Кеше, 19:09 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:37 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:35 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар