Астанада ер адам бұрынғы әйелін аңдып, күш қолданған
Астана қаласының тұрғыны экс-күйеуінен қорлық көріп жүргенін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астана қаласының тұрғыны бұрынғы жұбайының қоқан-лоққы көрсетіп жүргеніне шағымданды. Әйелдің сөзінше, олар өткен жылы ажысқан. Ажырасуға тұрмыстық зорлық-зомбылық себеп болыпты. Әйел балаларын алып, бөлек көшіп кеткен. Алайда ер адам әйел мен балаларды аңдып, үнемі хабарласып, «өлтіремін» деп айтады екен.
Әйел бірнеше рет полицияға арызданғанына қарамастан, тиісті шаралар қабылданбаған.
Жәбірленушінің қолында ұрып-соғу фактілерін растайтын дәлелдер бар екен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: