Астанада Конституция күніне орай Saryarqa Run марафоны өтті
Марафонға 1500-ге жуық әуесқой спортшы қатысты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жүгірушілер Ырыскелді қажы мешітінен бастап, Кенесары ескерткішін айналып, 4 және 7,6 шақырым қашықтықты бағындырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Есіл жағасымен жүгіру қатысушыларға ерекше әсер сыйлайды әрі қала қозғалысына кедергі келтірмейді. Әр қатысушы мәреге жеткен соң естелік медаль алды. Сонымен қатар, лотерея ойнатылып, 10 велосипед табыс етілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: