Астанада үй кезегінде тұрған азаматтар үшін несиелік баспанаға өтінім қабылданып жатыр

Астанада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін А91 көшесіндегі №36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлердегі кредиттік тұрғын үйге өтінім қабылдау жүріп жатыр. Өтінімдер 19 қазанға дейін Baspana Market сайтының жеке кабинеті арқылы қабылданады,деп хабарлайды Arbat.Media. 

Кандидаттарды іріктеу 21 қазанға жоспарланған.

Барлығы 562 пәтер ұсынылады. Тұрғын үйлер бес қабатты, лифт қарастырылмаған. Пәтерлер толық әрленген күйде сатылады.

Бір шаршы метрдің құны – 332 916 теңге. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,2%-дан 5,8%-ға дейін. Бастапқы жарна 10%-дан басталады.

Астана тұрғын үй Баспана Кезек

Тақырыпқа жаңалықтар