Астанада жасөспірім тұрғын үй кіреберісіндегі балалар арбасын өртеді
6 желтоқсан күні Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрған балалар арбасын өртеп жіберді. Тез тараған өрт салдарынан 11 жастағы бала көміртегі тотығына уланып көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өрт қойған жасөспірім ұсталды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Бұл қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.
«Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде.
Өрт салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіледі», — деп хабарлады елордалық полицейлер.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: