Астанада жолаушылар автобусы жантүршігерлік жағдайда апатқа ұшырады
Астанада автобус Республика даңғылы маңындағы бағанаға соғылды. Зардап шеккендер бар екені айтылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әлеуметтік желіде тараған бейнеден жолаушылар автобусының алдынғы әйнегі шағылып кеткенін көруге болады. Оқиға болған жерге жедел жәрдем бригадалары келіп іске кірісті. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Денсаулық сақтау басқармасы жол апатында 10 адамның зардап шеккенін хабарлады. Олардың бірі ауыр жағдайда, дәрігерлер жедел отаға кірісті.
Ал қалған зардап шеккендер қаланың түрлі стационарларына жеткізілді. Олардың екеуі Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығында ем қабылдауда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: