Астаналық ерлі-зайыпты ауруынан айыққан баласына деп 4 жыл бойы халықтан ақша жинап келген

Астаналық ерлі-зайыптылар қайырымдылық жолымен жиналған 1,3 миллиард теңгені өз қажетіне жаратып жіберген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ерлі-зайыпты Тотақановтар ауыр диагноз қойылған ұлы Алтаирдің еміне ақша жинау үшін Instagram арқылы халықтан көмек сұраған. Бастапқыда қажетті сома 50 миллион теңге деп көрсетілген. Алайда олар жарнамаға қаржы құйып, бірнеше жыл бойы қарқынды түрде қаражат жинауды жалғастырған. Нәтижесінде төрт жыл ішінде 350 мыңнан астам адамнан жалпы сомасы 1,3 миллиард теңге жиналған.

Козачковтың Telegram-арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, баланың еміне тек 6 миллион теңге жұмсалып, қалған қаржыға жылжымайтын мүлік, көлік сатып алынған, шетелге саяхат және құмар ойындарға шығындалған.

Қазір ерлі-зайыптыға «аса ірі көлемде алаяқтық жасау» және «қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру» баптары бойынша айып тағылып отыр. Қылмыстық іс Астананың ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Бала ем Қаржы Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар