Астананың орталығында элиталық тұрғын үй кешенінің подъезін мұз басты
Жазба авторының айтуынша, видео “Водно-Зеленый бульвар” тұрғын үй кешенінде түсірілген, деп хабарлайды Arbat.Media.
“Сұмдық. Астана қаласындағы еліміздің бас партиясы отыратын офистің Водно-Зеленый бульвар, тұрғын үй кешенінің баспалдақтарына мұз басып кетті”, – делінген жазбада.
“Астана-Теплотранзит” компаниясы аталмыш тұрғын үй кешеніне жылу қалыпты режимде беріліп жатқанын, жылу жеткізуде ешқандай шектеулер тіркелмегенін хабарлады.
Компанияның мәліметінше, үйдің 12-қабатындағы баспалдақ алаңында жылыту жүйесінің радиаторынан ақау анықталған.
“Астана-Теплотранзит” ақауға жылыту жүйесінің қатып қалуы себеп болғанын атап өтті. Бұл баспалдақ алаңының есіктері ұзақ уақыт бойы 8-қабаттан 14-қабатқа дейін ашық тұрғандықтан орын алған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: