«Атамекен» экс-басшысы мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Сот Абылай Мырзахметовті биыл ақпан айында босатуға шешім шығарыпты. Себебі Мырзахметовтің төрт мақтау қағазы және екінші дәрежелі оң мінез-құлық жазбасы бар екен. Оның үстіне түрмеде тігін шеберханасын ашыпты. Енді ол жазасының өтелмеген бөлігі бойынша пробациялық бақылауда болады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Айта кетейік, Мырзахметов 30 миллион доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған еді. Сотта кінәсі дәлелденіп, 5 жылға сотталды. Оның ісі бойынша мемлекетке 7 млрд теңге қайтарылған.
Мырзахметовтің 2023 жылдың 10 мамырынан бастап қамауда отырған уақыты жазасына есептелді. Мырзахметов бес жылға сотталған. Қазір ол жазасының екі жыл тоғыз айын өтеген. Осыған байланысты сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы екі рет өтініш берген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: