Қазақстан жаңалықтары•19 сәуір 2024, 11:37

Атырауда әлдебіреулер Жайық жағасынан құм толтырылған қапшықтарды ұрлады

Атырауда Жайық жағасынан құм толтырылған қапшықтарды ұрлағандар ұсталды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болған. Қазір күдіктілерге қатысты жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жайық өзенінің жағалауындағы бөгетті бекітуге дайындалған құм толтырылған қапшықтарды ұрлаған күдіктілер ұсталды. Күдіктілер – 4 ер, бір әйел. Ерлердің жасы 32, 37, 38 және 42-де, ал, әйелдің 34 жаста екені анықталды. Олар алдын ала ақылдасып, құм толтырылған қапшықтарды көлікке тиеп тасыған» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Жайық жағасы қапшықтар ұрлық Атырау облысы

Тақырыпқа жаңалықтар