«Атырауда дүлей дауыл»: Тұрғын үйлердің шатыры ұшып, жолдар жабылды

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Салдарынан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатыры зақымданып, кейбір жерлерде бір бөлігі ұшып кеткен. Төтенше жағдай Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандарында және Атырау қаласында тіркелді.

Сондай-ақ көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар Атырау-Орал, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Бейнеу тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Қатты желден Индер ауданы тұтастай жарықсыз қалған. Қазір құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Атырау тұман дауыл Ауа райы
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар