Атырауда ер адамды аяусыз ұрып-соқты
Атырауда пәтерде ер адамды қатыгездікпен ұрып-соққан сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бейнежазбада екі ер адамның жәбірленушіні ұрып, тепкілеп жатқанын көруге болады.
Жергілікті блогердің айтуынша, олар ер адамды кәмелетке толмаған қызбен бірге ұстадық деп, ақша талап еткен. Ақша бермеген соң оны ауясыз соққыға жыққан.
Полиция оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: