Атырауда із-түзсіз кеткен күйеу бала ресми түрде ізделіп жатыр
Атырау облысының полициясы Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен күйеубаласына ресми түрде іздеу жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияның мәліметінше, күдікті — Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта ол іздеуде жүр. Сондай-ақ құқық қорғау органдары қылмысқа басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр.
«Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттың ресми дереккөздеріне сүйенуге және расталмаған немесе жалған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз», — деп хабарлады полиция өкілдері.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: