Енді SIM-картаны рәсімдеу үшін биометриялық сәйкестендіруден өту керек
Елімізде азаматтарды интернет-алаяқтардан қорғау бағытында жаңа шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оған сәйкес SIM-карталарды биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана рәсімдеугеболады. Жаңа талап бизнес иелеріне де қатысты. Қызметтік SIM-карта алатын әр қызметкер жеке басын растауы тиіс. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан бөлек, енді ұялы байланыс операторлары Ұлттық Банктің Антифрод-орталығыменбірлесіп жұмыс істейді. Күдікті қоңыраулар мен хабарламалар тіркелген жағдайда нөмір тексеріліп, байланыс қызметі бірден тоқтатылады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: