Атырауда тұрғындарды әйел дауысымен алдаған жігіт ұсталды
Атырауда бірнеше тұрғынды 27 жастағы жігіт әйел даусымен алдап келген, - деп хабарлайды Arbat.media
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшаларда пәтер жалға беру жөніндегі жарияланған хабарландырудан 20-ға жуық тұрғын зардап шеккенін хабарлады.
«Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері „Hi-Tech“ іс-шарасы кезінде күдіктінің пәтерді жалға беру жөнінде жалған хабарландыру беріп келгенін анықтады. Ол тұрғындардың алдын-ала төлем ретінде аударған қаржысын иемденген. Күдікті телефондағы дауысын әртүрлі үнге өзгертіп, әйел адам болып сөйлескен. Мәселен. Әйелдер Whatsapp арқылы хат алмасып, алдын-ала 50 мың теңге аударған Күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы бары анықталды», — дейді департаменттің баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.