Атырауда ҰҚК департаментінің қызметкері есірткімен ұсталды

ҰҚК департаментінің 32 жастағы жедел уәкілін есірткінің ірі партиясымен ұстау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. ҰҚК қызметкерін есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 201-бабына сәйкес прокуратура органдарымен келісу талап етіледі. Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Деректер тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбаса прокурордың рұқсатымен мүмкін деп танылатын көлемде ғана жарияланады», - деп хабарлады ведомство.

Атырау Есірткі ұсталды қызметкер

Тақырыпқа жаңалықтар