Атырауда жасөспірім өзінің қатарласын ұрып-соққан

Атырауда жасөспірім өзінің қатарласын ұрып-соққан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Атыраудағы "Жилгородок" саябағында болған. Төбелес түсірілген видео желіде тарады. Кадрдан бір қыздың екіншісін жерге құлатып, бетінен, бүйрегінен және басынан ұрып жатқанын көруге болады. Ал жерде жатқан қыз кешірім сұрап, енді қайталамайтынын айтып жатыр. Қатарласы сонда да тоқтар емес.

Полиция мәліметінше, жанжал шығарғандар колледж студенттері.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Олар профилактикалық есепке қойылады. Сондай-ақ ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Атырау саябақ Төбелес Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар