Атыруда жоғалған аңшының денесі қамыс арасынан табылды

Атырау облысында жоғалып кеткен аңшыны іздеу жұмыстары аяқталды. Ол бесінші күні өлі күйде табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 19 желтоқсанда шамамен сағат 15:10-да іздестіру тобы Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан «Ботақан» кен орны аумағындағы қамыс арасынан жоғалып кеткен ер адамның мәйітін тапқан. Қосымша мәліметтер хабарланбады.

Полиция департаменті қазіргі уақытта тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

1964 жылы туған ер адам 14 желтоқсанда аңға кетіп, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Оның денесі табылған аумақ Құлсары қаласынан 65 шақырым, Атырау қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан.

Атырау Аңшы облыс Марқұм

Тақырыпқа жаңалықтар