Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар 2 автожол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе және Қызылорда облыстарында республикалық маңызы бар автожолдарының жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақтөбе облысында Ырғыз ауылы — Қызылорда облысының шекарасы мен Қызылорда облысы Ақтөбе облысының шекарасы — Бәйгеқұм ауылы аумағында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жолдар ертең, 26 ақпан сағат 10:00-де ашылады.

ТЖМ елдегі ауа райының нашарлауына байланысты дауыл туралы ескертулерді қадағалауды, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеруді, алыс жолға шықпауды ескертеді.

Ақтөбе облыс Қызылорда Жол

Тақырыпқа жаңалықтар