Қазақстан жаңалықтары13 қазан 2023, 13:00

Ауғанстан: Қазақстан құтқарушылары үйінді астынан баланың денесін тапты

Қазақстан құтқарушылары Ауғанстанның үш елдімекенінде жер сілкінісінен қираған үйлерді тексеріп шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жарияады.

Ауғанстанға жіберілген қазақстандық құтқарушылар жойқын зілзала салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Наиброфи елдімекенінде қазақстандық құтқарушылар 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді. «Бір қатармен» әдісі бойынша олар 487 учаскені жаяу жүріп өтті. Осы елдімекенде 700 үйдің қирандысы тексерілді.

«Толығымен қираған тұрғын үйдің біреуін бөлшектеу барысында құтқарушылар қаза болған 5-6 жасар баланың денесін тауып, алып шықты.

Ауған тарапының өкілдерімен бірлесіп, қазақстандықтар Наиброфиден 10 км қашықтықта орналасқан Сияхан елді мекенінде толығымен қираған үйлердің астын тексерді. Чолк елді мекенінде де үйінділерді бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер табылған жоқ», - делінген министрлік ақпаратында.

Ауғанстан қазақстан құтқарушылары үйінді баланың денесі

Тақырыпқа жаңалықтар