Балабақша қызметкері 1,5 жастағы баланың бетін тырнаған

Оқиға Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бегімбет ауылындағы "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Анасы үйге келгенде ұлының бетіндегі тырнақ іздерін байқап, балабақшаға барған. Ал қызметкерлер бастапқыда бала өзін-өзі тырнағанын айтқан. Алайда бейнебақылау жазбасынан тәрбиешінің көмекшісі ұйықтап жатқан баланың бетін тырнағаны көрінген.

Анасының айтуынша, бүлдіршін содан бері екі күн бойы шошып, дұрыс ұйықтай алмаған.

Ол полицияға арыз жазып, баланы медициналық сараптамаға апарған.

Оқиғаға қатысы бар қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Балабақша оқиға іс Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар