Балжан Бидаш тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты

Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқырмандарының бірі қойған «Тұрмысқа шығу ойыңызда бар ма?» деген сұраққа әнші ашық жауап берді.

«Ойда бар! Тек қана сүюден бөлек, шабыт беретін, өзіне сенімді адам маңызды екенін өмір үйретіп жатыр. Ең бастысы — маған не керек екенін енді жақсы түсінемін. Қалай сүйілсем — солай сүюге дайынмын. Мүмкін ол күндер де алыс емес», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, Балжан Бидаш болашақта тұрмыс құрған соң шығармашылықпен де айналысатынын айтты. Қазіргі уақытта бос уақытының көбін қыдыруға арнап жүргенін жеткізді.

Балжан Бидаш тұрмыс Алматы

Тақырыпқа жаңалықтар