Батыс Қазақстанда қатты желден су мұнарасы құлап кетті

Батыс Қазақстанда қатты желден су мұнарасы құлап кетті. Желіде Сайқын ауылында құлаған су мұнарасының фотосы тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әкімдік мәліметінше, 13 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығынан су айдайтын қосымша мұнара құлап, істен шыққан.

Бұл тұрғындарға су беруге кедергі келтірген жоқ, себебі негізгі мұнара толық көлемде жұмыс істеп тұрды.

Жел салдарынан жарық сымдары үзіліп, су беру қысқа уақытқа тоқтатылды.

БҚО мұнара дауыл Ауа райы

Тақырыпқа жаңалықтар