Белгілі актер Нұрлан Сегізбаев дүниеден өтті

Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, актер, сценарист және кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден озды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Нұрлан Сегізбаев бар саналы ғұмырын ұлттық руханият пен мәдениетке арнаған. Оның шығармашылығы – қазақ өнерінің баға жетпес мұрасы.

«ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаевтың өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады. Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады», — деп жазды мәдениет және ақпарат министрлігі.

 

 

Нұрлан Сегізбаев Актер сценарист кино

Тақырыпқа жаңалықтар