Берденовтың ісінде журналистке тілін шығарған судьяның тағдыры не болды?
Шымкентте судьялық әдеп жөніндегі комиссия қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша процесте төрағалық еткен судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шымкент сотының баспасөз қызметі мәліметінше, тексеру материалдары республиканың Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына жолданады.
"Судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты тексеру материалдарын Қазақстан Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына мәні бойынша қарау үшін жолдау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, судья Қарабаев оған шағымдануға құқылы", – делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: