Қазақстан жаңалықтары29 қараша 2025, 18:33

«Бір түндік неке» дауы: Блогер қыз орамалын шешіп тастады

Ақтөбеде мешітте өзіне «уақытша неке» ұсынған ер адам туралы видеосымен елді дүрліктірген блогер Эммануэлла Наурызбаева тағы да жұрт назарын өзіне аударды, деп хабарлайды  Arbat.Media Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал діндар тиктокер жақында көпшілікке жаңа бейнесін көрсетті – Эммануэлла діни стилінен бас тартып, хиджабын шешкенін жария етті.

Бұл өзгеріс әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды. Кей діндар әйелдер оны сынап, ауыр сөздер жазса, басқа қыз-келіншектер керісінше блогерді қолдап, «денсаулығына байланысты шешім қабылдады, дұрыс істеді» деп қорғауда.

Эммануэлланың күтпеген өзгерісі қоғамда тағы да үлкен талқылауға себеп болды.

Ақтөбе Неке блогер Шу
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар