Биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады
Конституция күніне орай оқу жылының басталуы 1 қыркүйектен 2 қыркүйекке шегерілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Жыл сайын оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Алайда биыл Конституция күні демалысқа сәйкес келгендіктен, сабақтар 2 қыркүйекте басталады. Ал Білім күніне арналған салтанатты шараны өткізу уақыты мен форматын мектептің педагогикалық кеңесі шешеді»,-деді министр.
Демалыс күндері:
▫️5 күндік жұмыс аптасы: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек – демалыс;
▫️6 күндік жұмыс аптасы: 30, 31 тамыз – демалыс.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: