Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Эль-Альтода қону кезінде Боливия әскери-әуе күштерінің ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қозғалыс көп жолға құлап, бірнеше көлікпен соқтығысты.

Құтқару қызметтерінің мәліметі бойынша, кем дегенде 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Ұшақта Орталық банкке арналған жаңа банкноттар болған.

Олар апаттан кейін жолдың бойына шашылды.

Билік дүрбелең мен заңсыз пайдаланудың алдын алу үшін купюраларды өртеу туралы шешім қабылдады. Апаттың себебі анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.

Әскери Ұшақ Апат Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар