БҚО-да белгісіз дрон жарылды
БҚО-да белгісіз дрон жарылуына байланысты министрлік ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ,-делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында.
Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізілуде.
Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдағанын мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: