БҚО-да боран кезінде жоғалған ер адам өлі табылды
БҚО аумағында демалыс күндері ауа-райы күрт бұзылып, соңы адам қазасымен аяқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылының хабар-ошарсыз кеткен 57 жастағы тұрғыны өлі күйінде табылды. Ер адамның өлімінің алдын-ала себебі гипотермия (дене температурасының айтарлықтай төмендеуінен (35,5°С-тан төмен) жылу алмасудың бұзылуы) болған.
Құтқарушылар жоғалған тағы екі адамды іздеуді жалғастырып жатыр. Олар — Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғыны және Казталов ауданының 35 жастағы тұрғыны.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: