БҚО-да бухгалтер бюджет ақшасын құмар ойынына салған

Батыс Қазақстанда бухгалтер миллиондаған бюджет қаржысын құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Күдікті мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, лудоманияға шалдыққан бухгалтер компания қаражатын бәске тіккен.

Сондай-ақ ұрланған ақшаға жаңа көлік сатып алған. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 118 млн теңгені құрады.

Күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Айта кетері, 2025 жылы құмар ойын ойнаған мемлекеттік органдардың 16 қызметкері жұмыстан босатылды.

БҚО Қаржы құмар ойыны бухгалтер

Тақырыпқа жаңалықтар