БҚО-да кеміргіштерден жұғатын инфекцияның 22 жағдайы анықталды
10 айда бүйрек синдромды геморагиялық қызбаны 20-дан астам адам жұқтырған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, оның 14-і Орал қаласында, 6-ауы Бәйтерек ауданында, 2-еуі Бөрлі ауданында анықталған.
Науқастар кеміргіштермен байланыста болған. Олардың балық аулауға шыққаны және шөп шабу жұмыстарына қатысқаны белгілі болды.
Мамандар шөп және астықпен жұмыс істегенде, кеміргіштер болуы мүмкін шаңды бөлмелерді тазалағанда респиратор тағуға кеңес берді. Сондай-ақ кеміргіштер ластауы мүмкін азық-түлікті тұтынбау қажет.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: