БҚО-да шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

Жәбірленушінің әкесінің сөзінше, 3 қаңтарда 57 жастағы ер адам оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне кіргізіп, зорлаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Арыз жазылғаннан кейін күдікті ұсталған. Алайда келесі күні оны жібере салыпты.

"Ол кінәсін мойындады, қызым оны таныды. Бірақ полиция оны үйіне жібере салды. Кейін ол маған хабарласып, қоқан-лоқы жасады”, – деді қыздың әкесі.

Шыңғырлау ауданының полиция бөлімі "Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

 

БҚО шенеунік Зорлық Қылмыс
Кеше, 18:25 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:42 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:43 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар