Қазақстан жаңалықтары17 қараша 2025, 17:04

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 8 адам ажал құшты

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 8 адам ажал құшты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Батыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, бірі жанып кетті.

Чапай-Жаңақала – Сайқын тас жолында Toyota Camry және Volkswagen Sharan көлігі соқтығысып, бірі өртеніп кетті. Қайғылы жол апатынан 8 адам оқиға орнында мерт болды. Апатқа ұшыраған 4 адам ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті полиция, жедел-тактикалық топ және Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Апат БҚО Чапай Жаңақала
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар