Бүгін референдум басталды

Барлық 10 388 сайлау учаскесі дауыс беруге ашық, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астанадағы №130 сайлау учаскесінде премьер-министр Олжас Бектенов дауыс беріп үлгерді. Ал Генадий Головкин Банкгокта дауыс берген екен.

Қазақстан бойынша істеп жатқан референдум учаскелерінің картасы

Дауыс беру таңғы сағат 6:00-де 92 сайлау учаскесінде басталды.

Тізімдерге 12 461 796 азамат енгізілген.

Қазақстанда 10 388 сайлау учаскесі және шетелде 54 елде 71 сайлау учаскесі бар.

Жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың 19,21%-ы дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, көш бастап тұрған – Қарағанды облысы. Мұнда референдумда азаматтардың 26,64%-ы дауыс беріп үлгерген. Екінші орында – Қызылорда облысы (24,02%), үшінші орында – Астана (20,68%).

Ең төмен көрсеткіш Алматыда тіркелді — 9,54%.

референдум дауыс Заң басталды

Тақырыпқа жаңалықтар