Бүгінге дейін Ислам банкі елімізге 4,2 млрд доллардан астам қаржы бөлген

Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет басшысы су инфрақұрылымы, өзара көлік байланысы және индустриялық даму салаларындағы бастамаларға қолдау көрсеткені үшін оған ризашылығын білдірді.

Атап айтқанда, соңғы жылдары Ислам даму банкі өз тарихындағы ең үлкен қаржыландыру пакетін мақұлдады.

Сондай-ақ Тоқаев Ислам даму банкі топтарының жыл сайынғы кездесуін 2028 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысқа қолдау білдірді.

Ислам банк Қызмет Тоқаев

Тақырыпқа жаңалықтар